Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапының рэпер Navai-дің қамауға алынуына байланысты жолдаған нотасына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Бұған дейін Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне рэпер Navai-дің ұсталуының мән-жайын түсіндіруді сұрап, нота жолдаған. Бұл туралы РИА Новости агенттігі дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
"Бұл жергілікті билікке мән-жайды анықтауды өтiнiп, Ресей Федерациясының азаматы қазір қайда екенін, қандай жағдайда ұсталып отырғанын және басқа да сұрақтарға жауап беруді сұраудың, сондай-ақ қажет болған жағдайда оған консулдық қолжетімділікті талап етудің ресми тәсілі болғандықтан, нота жолдадық", – деп хабарлады Бас консулдық.
Қазақстан СІМ осыған байланысты пікір білдірді. Белгілі болғандай, Ресей тарапынан ұсталған Ресей азаматтары және олардың орналасқан жері туралы ақпарат беруді сұраған нота түсті. Ведомствоның хабарлауынша, бұл – консулдық қызмет аясындағы стандартты тәжірибе. СІМ тиісті сұрауды еліміздің құқық қорғау органдарына жолдайтынын мәлімдеді.
Айта кету керек, бұған дейін рэпер NAVAI Қазақстан шекарасында есірткіге қатысты күдікпен ұсталғанын жазғанбыз.