Жаңалықтар

Шымкентте сөмкесіне екі келі мефедрон жасырған бойжеткен құрықталды

Шымкентте сөмкесіне екі келі мефедрон жасырған бойжеткен құрықталды

Шымкентте құқық қорғаушылар ірі көлемдегі есірткі тасымалының жолын кесті. Күдікті ретінде жас қыз құрыққа түсті. Тәртіп сақшылары бойжеткеннің жолдорбасын тексеру кезінде салмағы екі келіге жуықтайтын төрт пакет мефедрон тапқан. Бұған қоса қылмысқа тікелей қатысы бар электронды таразы мен арнайы орауға арналған материалдар тәркіленді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оқиға ізімен күдікті уақытша жалдап тұрған пәтерге тінту жұмыстары жүргізілді. Баспана ішінен әрқайсысының салмағы шамамен бес грамнан келетін тағы отыз екі түйіншек есірткі заты шықты.

Қазіргі таңда аталған дерек негізінде қылмыстық іс қозғалды. Бойжеткен уақытша ұстау изоляторына жабылды. Тиісті тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Барлық жаңалық