Қоғам

Шымкент қаласында мешіт өртенді

Шымкентте құтқарушылар мешіттегі өртті сөндірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

«Кеше Шымкент қаласының 112 пультіне Әл-Фараби ауданы, Б. Саттарханов көшесінде орналасқан мешіттің шатырынан өрт шыққаны туралы қоңырау түсті», - деп жазылған хабарламада.

Қаланың ТЖД жедел қызметтері шатырдың ағаш конструкцияларын ашып, өрт ошағын сөндіріп, жедел жұмыс істеді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт қауіпсіздігін сақтаудың қатаң қажеттілігін еске салды.

Барлық жаңалық