Қоғам

Шығыс Қазақстанда қайғылы жағдай болды

Шығыс Қазақстанда қайғылы жағдай болды

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде жол апатынан ер адам қаза тапты.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Өскемен-Риддер тасжолының 42-шақырымында болған.

- 59 жастағы жүргізуші басқарған КамАЗ аударылып кетті. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Барлық жаңалық