Шоу-бизнес

«Шүкір»: Ерке Есмахан күйеуінен алған сыйлығын көрсетті (ФОТО)

«Шүкір»: Ерке Есмахан күйеуінен алған сыйлығын көрсетті (ФОТО)

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі, әнші RaiM-нан алған қымбат сыйлығын көпшілікке көрсетті. Бұл туралы Оzgeris.info сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

 

Әнші Instagram желісінде жазба жариялап, туған күніне орай сыйланған арманындағы сақинасын көрсетіп, қуанышымен бөлісті. Ол жазбасында өзінің өміріне шүкіршілік етіп, жолдасына алғысын білдірген.

 

«Ойлаш, Ерке Есмахансың. Күйеуің RaiM. Үш ұлың бар. Үлде мен бүлдеге оранып, миллиондаған оқырманы бар парақшаңа осындай сурет салып отырсың. Шүкір! Туған күнімде арманымдағы сақинаны сыйлағаны үшін RaiM-ға үлкен рахмет. Сүйемін», — деп жазды әнші.

 

Желіде жарияланған бұл жазба көпшіліктің қызу талқысына түсіп, оқырмандар әншіге жылы лебіздерін білдірді. Пікір қалдырғандар арасында «Өскенде Ерке Есмахан боламыз», «Осындай өмір бізге де бұйырсын», «Үлде мен бүлдеге орана берейік» деген тілектер жиі кездесті.

 

Барлық жаңалық