Шоу-бизнес

"Шұбырып миын ашытты": Майғазиевтің анасынан бата алған бір топ әнші сынға қалды (ВИДЕО)

"Шұбырып миын ашытты": Майғазиевтің анасынан бата алған бір топ әнші сынға қалды (ВИДЕО)

Бір топ әнші Шымкенттегі тойдан соң Сәкен Майғазиевтің Созақ ауданындағы қара шаңырағына қонаққа барды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

90 жасқа келген анасынан арнайы бата алды. 

Әншілердің қатарында Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Мөлдір Мұқан, Зарина Омарова, Айгүл Иманбаева бар. 

"Анамыздың ақ батасын алу біз үшін үлкен мәртебе. Сәкеннің қара шағырағында қонақтамыз", - деп жазды олар. 

Желі қолданушыларының бір бөлігі өнер иелерінің бұл әрекетін құптаса, енді бірі улап-шулап баруы орынсыз екендігін жазуда. 

"Әумин анамыздың батасы қабыл болсын", "Қайраттың әжеге елжіреп қарауы жүректі жылытты", "Апамыздың жасын берсін", "Улап шулап барғандары несі?", "Үлкен кісінің миын ашытты ғой барлығы шұбырып", "Тыныштық керек қой апаға" - деп жазды көпшілік. 

Барлық жаңалық