Маңғыстау облысы, Шетпе ауылында 42 жастағы ер адамның мәйіті жеке үй аумағындағы шаруашылық құрылыстан табылды. Оқиға туралы хабар 20 қаңтарда түскен, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты kznews.kz сайтынан сілтемемен.
Қазіргі уақытта оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген, полиция қызметкерлері барлық қажетті тексерулерді жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдай – өз-өзіне қол жұмсау мүмкіндігіне байланысты қарастырылып отыр.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі:
«Шақырту бүгін түсті. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады.