Жаңалықтар

Шетелдік турист Қазақстанды «ауыл» деп атағаны үшін сынға ұшырады

Шетелдік турист Қазақстанды «ауыл» деп атағаны үшін сынға ұшырады

Әлеуметтік желілерде қызу талқыланған бейнежазбада шетелдік азаматша Қазақстан туралы жағымсыз пікір білдіргені байқалады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Ол Қазақстанды «бір ауылға» теңеп, мұндағы адамдарды жалқау деп сипаттаған. Сондай-ақ интернеттің баяулығына шағымданып, «жұмыс істеу мүмкін емес» деген уәж айтқан.

 

Бұл мәлімдеме қазақстандықтардың наразылығын туғызды. Көптеген желі қолданушылары оны жауапқа тартуды, елден шығармауды талап етіп жатыр.

Барлық жаңалық