Жаңалықтар

Шерзат Полат ісі: Талдықорғанда тараптардың жарыссөзі басталды

Талдықорғанда кәмелетке толмаған Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz порталына сілтеп.

2 маусым, дүйсенбі күні тараптардың жарыссөзі басталды. Оған дейін тараптар бірнеше өтініш білдірді. Атап айтқанда, айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаевтың адвокаты соттан қорғауындағы адамның жауаптарын іске тіркемей тастауды сұрады. Судья бұл мәселені кейін қарауға уәде етті.

Абзал Шынасылдың қорғаушысы оның жарақатын іске тіркеуді сұрады. Адвокаттың айтуынша, төбелес кезінде Шынасылдың қолы сынған, ал медициналық қаржысы болмағандықтан, ол темір спицаны дер кезінде ала алмаған. Осы себепті қорғаушысы Шынасыл жәбірленушілерді толық күшпен соға алмағанын алға тартты. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды.

Тағы бір адвокат Каржаубай Нұрымовты қайта тергеуді сұрады, бірақ сот бұл өтінішке қарсылық білдірді.

Кейін сот тараптардың жарыссөзіне көшті. Судья жарыссөзде тек сот отырыстарында зерттелген фактілерді ғана айтуға болатынын ескертті.

Барлық жаңалық