Белгілі продюсер Баян Алагөзова күйеуі Тұрсын Алагөзовтің қайырымдылық мақсатында 100 пәтер беру туралы шешімін қолдап, оның бұл әрекетімен мақтанатынын айтты деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Оның сөзінше, Тұрсын Алагөзов өзімен 20 жыл бірге еңбек еткен қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлауға уәде берген. «Ол маған бұл ойын айтқанда, мен оған: “Бұл сенің минимумың. Бұдан кейін жыл сайын пәтер беруің керек” дедім», — деді Баян Алагөзова.
Продюсер жұбайының жомарттығын жоғары бағалап, мұндай бастамалардың қоғамда үлгі болуға тиіс екенін атап өтті.Әлеуметтік желі қолданушылары бұл мәлімдемені талқылап, көпшілігі ерлі-зайыптылардың игі ісін қолдап, жылы пікірлер қалдырды.