Қоғам

Saudi Aramco нысанындағы оқиға мұнай бағасына әсер етті

Saudi Aramco нысанындағы оқиға мұнай бағасына әсер етті

Сауд Арабиясындағы Saudi Aramco компаниясына тиесілі Рас-Таннура ауданындағы ірі мұнай өңдеу кешеніне дрон шабуыл жасаған. Қауіпсіздік мақсатында зауыт уақытша жұмысын тоқтатты.

Бұл нысан әлемдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының және экспорттық терминалдардың бірі саналады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, соққыдан кейін өндірістік қуат толық тоқтатылып, жағдайды бағалау және қауіпсіздік шараларын күшейту үшін тексеріс жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ауыр қираулар мен зардап шеккендер тіркелмеген.

Ras Tanura кешені Сауд Арабиясынан мұнайды өңдеу мен экспорттауда маңызды рөл атқарады. Сондықтан оның жұмысындағы кез келген үзіліс әлемдік мұнай жеткізіліміне, энергия ресурстары бағасына және жаһандық экономикаға әсер етуі мүмкін.

Оқиға мұнай нарығына да әсер еткен. Қазіргі таңда Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері шамамен 79 доллар деңгейінде саудаланып жатыр.

Сарапшылар бұл жағдай Орталық Азия елдері мен Қазақстан экономикасына да ықпал етуі мүмкін екенін айтып отыр.

Барлық жаңалық