Қоғам

Сауд Арабиясына қажылыққа барған 8 өзбекстандық қаза тапты

Сауд Арабиясына қажылыққа барған 8 өзбекстандық қаза тапты

Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеуге барған Өзбекстанның 8 азаматы көз жұмды, деп хабарлайды kazinform.kz.

Ресми дерекке сай, биыл 15 мыңнан астам өзбекстандық қажылық парызын өтеді. Осы аралықта құжатын жоғалтқан 40-тан аса адам Джидда қаласындағы Өзбекстанның Бас консулдығына өтініш жолдаған. Тиісінше, оларға отанына оралуға рұқсат беретін куәліктер берілген.

Барлық жаңалық