Сауд Арабиясының сәулетшілері The Vault ("Қойма") деп аталатын құрылыс жобасының анимациясын таныстырды. Жобаға сәйкес, бұл Тройена шөлінің орталығындағы тау шаңғысы курорты болады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Көпфункционалды кешен тау шатқалында салынады. Оның биіктігі – 198 метр, ені – 253 метр, ал ұзындығы – 864 метр болмақ. Жалпы аумағы – 200 мың шаршы метрді құрайды.
The Vault жобасының құрылымы көлденең орналасқан зәулім ғимарат — "Айна сызығы" жобасын еске салады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың екінші жартысында басталады деп жоспарланып отыр.