Желі қолданушысы Ерлан Қаттабеков әнші Роза Әлқожамен арада дау туындағанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол тойдағы оқиға бойынша пікір білдірді.
"Осы тойдағы ақсақалдың видеосын кім салды, кім таратты деп ешкім сұраған жоқ. Енді авторын анықтайық. Видео сіздің арқаңызда таралғандықтан сіз себепшісіз. Әрине, ақсақалдың да кінәсі бар. Бірақ сіз салмағанда видео тарамайтын еді. Ондай тойлардың түрін көріп жүрміз. Бірақ біз салмаймыз, оның бәрін салсақ бәрі сотталады. Осы тойға қатысқаныңыз үшін сіз салық төледіңіз ба? Сіз тойға барып қанша ақша алдыңыз содан мемлекетке қандай пайда тигіздіңіз? Видеоны салған кезде сіз ол кісіден рұқсат сұрауыңыз керек еді. Рұқсат сұрамаған болсаңыз, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сіз де жауапкершілікке тартылуыңыз қажет. Роза апа, осыны жаттап алыңыз. Заң бәріне ортақ. Ақсақал жазасын алса, сіз де жазаңызды алуыңыз керек", деді ол.
Осыдан кейін ол Роза Әлқожа өзін бұғаттап тастағанын айтты.
"Роза ханым мені блоктап тастады. Фейктар жазып, парақшама шабуылдар келіп жатыр. Тойға барып миллиондап алып жатыр, неге айыппұл төлей салмайды? Мойындаймын, менің кінәм, мен салдым дей салса не болады? Ол салық халыққа кетеді ғой. Жарайды, Роза апам өзі біледі", деп мәлімдеді белсенді.