Ресейдің Омбы қаласында өткен балалар мен жасөспірімдерге арналған хоккей жарысы кезінде ресейлік телекомментатордың қазақстандық командаға қатысты айтқан сөзі қоғамда наразылық тудырды деп хабарлайды Оzgeris.info сайты kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға «Сібір» мен «Астана» командалары арасындағы ойын басталар алдында тіркелген. Тікелей эфир барысында комментатор Максим Гречанин қазақстандық жас хоккейшілерге бағытталған әдепке сай келмейтін әрі кемсітуші сипаттағы пікір білдірген.
Аталған сөздер көрермендерге анық естіліп, әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болды. Жанкүйерлер мен желі қолданушылары балалар спорты аясында мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтынын айтып, жағдайды сынға алды.
Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты жарыс ұйымдастырушылары мен жауапты мекемелер тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ. Қоғам өкілдері аталған жағдайға құқықтық әрі моральдық баға берілуі тиіс екенін алға тартуда.