Жаңалықтар

Ресейдегі қымбатшылық Қазақстанға тікелей әсер етпейді

Ozgeris.info сайтының хабарлауынша, Күз айлары әдетте жанармай нарығы үшін күрделі кезең болып келеді. Ресейдегі жағдай қазақстандық жүргізушілерді де алаңдатуда: көрші елде рекордтық баға, биржада қымбатшылық және жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек байқалады.

 

Алайда сарапшылар Қазақстанға тікелей қауіп жоқ дейді. Energy Monitor қорының директоры Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, басты айырмашылық – нарық құрылымында. Қазақстанда нарық жабық әрі басқарылатын, ал Ресейде жағдайға НПЗ жөндеулері, инфрақұрылымға шабуылдар және ішкі сұраныстың артуы әсер етті.

 

Қазақстанда баға өсуі жоспарлы түрде жүріп жатыр. Қыркүйектен бастап акциз өсіміне байланысты литріне 4 теңге қымбаттайды, бірақ бұл біртіндеп болады.

 

Сонымен қатар, сарапшы Ресейге «сұр» жолмен жанармай әкету қаупін ескертті. Бағаның екі есе айырмашылығы контрабандаға түрткі болуы мүмкін. Сондықтан Қырғызстандағыдай шекарада бақылауды күшейту ұсынылады.

 

Энергетика министрлігі де елдің жанармай қоры жеткілікті екенін мәлімдеді. Үкімет шекарадағы бақылауды күшейтіп, заңсыз әкетудің алдын алу жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Барлық жаңалық