Жаңалықтар

Ресейде танымал қазақстандық рэперге қатысты іс қозғалды

Ресейде танымал қазақстандық рэперге қатысты іс қозғалды

Қазақстандық танымал рэпер Ганвест бірқатар әнінде есірткі заттарын насихаттады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

“Қауіпсіз интернет лигасының” басшысы Екатерина Мизулина Telegram-арнасында музыканттың трек мәтіндері сараптамаға жіберілгенін жазды. Егер “На рахате” хитінің орындаушысының кінәсі дәлелденсе, оған әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

“Ресей ІІМ-нің Санкт-Петербург бойынша бас басқармасы Ганвест орындаушысына қатысты бірқатар композицияларда есірткі қолдануды насихаттағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғады. Әкімшілік тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, материалдар сараптамаға жолданды. Бұл біздің өтінішімізге берілген жауапта көрсетілген”, – деп жазды Мизулина.

Айта кетейік, Ганвестің шын аты-жөні – Руслан Гоминов. Ол 1992 жылғы 11 қарашада Ақтауда дүниеге келген. Қазір Қазақстан мен Ресейде танымал рэпер ретінде белгілі.

Барлық жаңалық