Жаңалықтар

Референдум: алғашқы еxit poll нәтижесі жарияланды

Референдум: алғашқы еxit poll нәтижесі жарияланды

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Қазақстанда 15 наурызда өткен республикалық референдум барысында жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс беруге қатысқан азаматтардың 86,7%-ы қолдау білдірді. Бұл  Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама нәтижесінде анықталды.

Сауалнама еліміздің 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізіліп, 30 мың азаматтан жауап алынды. Зерттеу нәтижелері дауыс берудің ресми қорытындысы емес, бірақ азаматтардың қоғамдық пікірінің шынайы көрінісін көрсетеді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 20:00-ге дейін дауыс беруге қатысқан азаматтардың үлесі 73,24%-ды құрады.

Барлық жаңалық