Шоу-бизнес

"Қызым, бірнеше әйелім бар": Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді (ВИДЕО)

"Қызым, бірнеше әйелім бар": Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді (ВИДЕО)

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты тараған қауесеттерге пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Өнер иесі досы әрі әріптесі Расул Усмановпен бірге Instagram желісінде тікелей эфир өткізген. Эфир барысында оқырмандардың бірі әншіден “қызына қандай есім қойғанын” сұраған. Күтпеген сауалға Димаш әзілмен жауап қайтарды.

«Не дейсіз? “Қызыңа қандай ат қойдың?” дей ме? Менің қызым болса, оның қайдан шыққанын өзім де білгім келеді», – деді әнші күліп.

Димаш Құдайбергеннің айтуынша, желіде оның жеке өміріне қатысты түрлі әңгімелер жиі айтылады. Кейбір адамдар әншінің отбасы мен балалары бар деп ойласа, енді бірі оған бірнеше әйел “қосып қойғанын” айтқан.

«Неге екенін білмеймін, адамдар менің отбасым бар деп ойлайды. Тіпті бірнеше әйелім бар деп айтатындар да кездеседі», – деді ол.

Әнші қазіргі таңда бойдақ екенін және бар уақытын шығармашылыққа арнап жүргенін жеткізді. Оның айтуынша, күнделікті уақыты студия мен концерттерде өтеді.

«Күні бойы студияда жұмыс істеймін, концерт қоямын. Қазір де студиядамыз. Әзірге үйленген жоқпын», – деді өнер иесі.

Сонымен қатар Димаш болашақта отбасы құрған күннің өзінде жеке өмірін көпшілікке жария еткісі келмейтінін айтты. Әнші бақыт тыныштықты жақсы көретінін атап өтті.

Барлық жаңалық