Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жариялады. Ол Instagram парақшасында қайын інісінің әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын өтеп жүргенін хабарлады деп жазады Оzgeris.info.
«Менің аппақ қайным бүгін әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Қадамың нық, рухың биік болсын. Әскердегі әр күнің бойыңа сабыр мен шыдам дарытып, шыңдай берсін», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Ерке Есмахан оқырмандарының қыздар қауымына әзіл-шыны аралас үндеу жолдады.
«Мен абысын, Раймның қайынаға болуға дайын жүрміз. Қыздардың құлағына алтын сырға», – деп жазды ол.