Шоу-бизнес

"Қыздарды жалаңаш билетті": Бағдагүл емші Баянға тоқтау қоюды сұрады (ВИДЕО)

"Қыздарды жалаңаш билетті": Бағдагүл емші Баянға тоқтау қоюды сұрады (ВИДЕО)

Күні кеше өткен "Кешьюдің" 20 жылдығына арналған концертке қатысты Ақтөбелік Бағдагүл емші пікірімен бөлісті , деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

"Біздің елде кешегі Баян Мақсатқызының берген концертінде қазақ аруының насихаты дұрыс болған жоқ. Ешқандай біздің ұлттық идеологиямызға келмейді. Неге бұндай концерттерді үлкен көлемде жасауға рұқсат бересіздер? Мұндай концертті өзінің ортасында беруі керек. Қыз балалардың жалаңаш билеуі өте ерсі. Бұл ұлттық құндылықтарға балта шабу. Қаншама қыздар бұзылуы мүмкін", - деді ол. 

Желі қолданушылары түрлі пікірлерін ортаға салды. 

"Баян сені бір шайнап жұтып қоймасын", "Туу сен де қоймадың ғой", "Қоя салшы", "Бата беріп жүре берші", - деді оқырмандар. 

Барлық жаңалық