Жаңалықтар

"Қытайларға үй сатып жатыр": App Store-дағы жаңа қосымша жұрттың ашуына тиді (ФОТО)

"Қытайларға үй сатып жатыр": App Store-дағы жаңа қосымша жұрттың ашуына тиді (ФОТО)

Threads желісінде қазақстандық қолданушылар арасында жаңа қосымша қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желіде тараған жазбада App Store-ға жуырда жүктелген EasyHome Pro қосымшасына қатысты алаңдаушылық айтылған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Желі қолданушысы қосымша арқылы Қазақстандағы пәтерлер, үйлер мен жер телімдері сатылып жатқанын мәлімдеп, халықты бойкот жасауға шақырды.

«5 күн бұрын AppStore-ға “EasyHome Pro” қосымшасын жүктеді. Қазақтар, осы қосымшаға бойкот жариялайық. Үкіметтен шетелдіктерге жылжымайтын мүлік сатуға тыйым салуды сұрайық. Бұл – қытайлық қосымша. Онда пәтерлер, үйлер мен жер телімдері сатылып жатыр», – деп жазды желі қолданушысы.

Автордың айтуынша, қосымшадағы сатып алушылар негізінен Қытай азаматтары екені көрсетілген. Сондай-ақ ол кей риелторлардың пайда үшін шетелдіктерге мүлікті жаппай сатып жатқанын сынға алған.

Жазба желіде қызу пікірталас тудырып, көпшілік арасында резонансқа айналды. Алайда әзірге қосымшаға немесе ондағы ақпаратқа қатысты ресми органдар тарапынан нақты мәлімдеме жасалған жоқ.

Барлық жаңалық