Жаңалықтар

«Қытайдан қорықсақ, Марсқа көшіп кетейік»: Берік Уәли күтпеген жауап қайтарды (ВИДЕО)

 «Қытайдан қорықсақ, Марсқа көшіп кетейік»: Берік Уәли күтпеген жауап қайтарды (ВИДЕО)

Абай облысының әкімі Берік Уәли өңір тұрғындарымен кездесуде Қытай инвесторларына қатысты пікірін ашық айтты деп хабарлайды Оzgeris.info.Жиын барысында бірқатар тұрғындар Аягөздегі қонақүйлер мен қоғамдық орындарда «қытайлар көбейіп кетті» деп шағымданған.

 

Тұрғындар «қайда барсақ та қытай» деп наразылық білдіріп, олардың не себепті көбейіп жатқанын әкімнен сұрады. Бұған жауап берген Берік Уәли көрші елден келген инвесторлардан үркіп, алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтты.

 

«Егер Қытайдан қорқатын болсақ, Марсқа көшіп кетейік. Бүкіл әлем қазір Қытайдың инвестициясына мұқтаж. Сондықтан мұндай мүмкіндіктен өз еркімізбен бас тартуға болмайды», — деді облыс әкімі.

 

Ол инвесторлардың келуі өңір экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен бірге әкім тұрғындарды жала жабу мен жалған қауесеттерден аулақ болуға шақырды.

 

Барлық жаңалық