Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Астана қаласына табан тіреді. Мәртебелі мейман елордаға арнайы жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Мемлекет басшысы ауқымды халықаралық іс-шаралардың жұмысына қатысады. Күн тәртібіндегі басты жиын ретінде Еуразиялық экономикалық форум белгіленген. Бұдан бөлек Қырғызстан көшбасшысы жоғары деңгейдегі ЕАЭО саммитіне қатысып маңызды мәселелерді талқылауға атсалысады.