Қоғам

Қуыршақтың орнына бала сатады: полиция күмәнді хабарландыруды тексерді (ВИДЕО)

Қуыршақтың орнына бала сатады: полиция күмәнді хабарландыруды тексерді (ВИДЕО)

Алматыда әлеуметтік желіде тараған қуыршақ сату туралы хабарландыру тұрғындар арасында үрей туғызды,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Желіде 500 мың теңгеге қуыршақ сатылатыны туралы ақпарат тараған. Хабарландырудағы ерекше баға мен күмәнді мәтін қолданушылардың күдігін тудырып, олар «қуыршақ сату» деген жазудың артында жаңа туған нәрестені сату әрекеті жасырылуы мүмкін деп болжаған.

Алматы полициясы аталған факті бойынша тексеру жүргізіп, жазба авторын анықтады.

«Жазбаны психоневрологиялық есепте тұрған ер адамның орналастырғаны анықталды. Сонымен қатар, оның адам саудасына, соның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы бар деген ешқандай дәлел табылған жоқ. Осылайша, бала сатылуы мүмкін деген ақпарат расталмады. Сөз тек қуыршақ сатуға қатысты хабарландыру туралы болып отыр», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Барлық жаңалық