Қоғам

Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған әйел қамауға алынды

Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған әйел қамауға алынды

17 жыл бойы құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы атанған Зүлфия Төленованың уақытша ұстау изоляторына қамалған сәтінен видео жарияланды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бейнематериалды аталған істі көптен бері көтеріп жүрген тележурналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.

Журналистің мәліметінше, Тараз қаласының тұрғыны Зүлфия Төленоваға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалып, ол жуырда уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сондай-ақ Руслан Өтепбай Зүлфия Төленованың қарауында болған өзге балалардың тағдырына да тоқталды.

Оның айтуынша, қазіргі таңда аталған азаматшаның қамқорлығында бірде-бір бала жоқ, олардың барлығы мемлекет қамқорлығына алынған.

«Қинау және ұрып-соғу деректері бойынша қозғалған бұл іс соңына дейін әділ тергеледі деп сенемін. Ағайын, ұл-қыздарыңызға өте абай болыңыздар», – деп жазды тележурналист.

Барлық жаңалық