Құлсары қаласының журналисткасы бір компанияның басшысынан 10 млн теңге талап еткені үшін тергеу шараларына ілінді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Ақ Жайыққа сілтемемен.
Тергеу мәліметтері бойынша, әйел видеоматериал жариялайтынын айтып қорқытып, ақша талап еткен. Бұл видео бұған дейін әлеуметтік желілерде таралған болатын.Дереккөздер мәліметінше, журналистка декреттік демалыста болғанымен, жергілікті БАҚ қызметкерлерімен байланысын үзбеген. Бұрын ол аудандық газет пен теледидарда жұмыс істеген.
Хабарламаға сәйкес, 4 млн теңге делдал арқылы берілген. Арашв «Tengri» қонақүйінде ақша тапсырып жатқан сәтте ұсталған, кейін журналистка да қамауға алынған.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлімі, 2-тармағы (Алдын ала сөз байласқан топпен жасалған талап ету) бойынша қылмыстық іс қозғалған.