Атырау облысы

Құлсарыда бос жүрген түйе ерекше баланы таптап кетті (ВИДЕО)

Құлсарыда бос жүрген түйе ерекше баланы таптап кетті (ВИДЕО)

Атырау облысының Құлсары қаласында түйе баланы таптап кетті деп хабарлайды Ozgeris.info


Куәгерлердің айтуынша, жануар кенеттен шабуыл жасап, баланы жерге құлатып, үстінен таптай бастаған. Дәл сол сәтте жолдан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі сигнал беріп, түйені үркітіп жіберген.Жарақат алған жасөспірім Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның травматология бөлімінде жатқанын, жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, түйе байлаулы тұрған жерінен үзіліп шығып, көшеге жүгіріп шыққан. Қазір жануар ұсталды, алайда иесі әлі табылған жоқ. Белгідегі ақпаратқа сәйкес, түйенің иесі Маңғыстау облысында тіркелген.Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, жұртшылық арасында қала ішінде ірі малды бақылаусыз ұстау мәселесіне қатысты сын пікірлер туғызуда.

 

Барлық жаңалық