Азаматтық жұбайын өлтіргені үшін сотталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев қазіргі уақытта Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеуде. Бұл жөнінде ozgeris.info сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бишімбаевқа түзеу мекемесінде жұмыс табылмағанымен, ол еңбек етуге дайын екенін білдірген. Қазіргі уақытта ол бос уақытын араб және ағылшын тілдерін үйренуге, сондай-ақ шахмат ойнауды меңгеруге арнап жүр.
Оның әпкесі Аружанның айтуынша, Қуандықтың жағдайы бірқалыпты. Бұған дейін сот процесі кезінде оның тісінде қиындықтар болған, алайда қазіргі таңда денсаулығы жақсарған.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 13 мамырында Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол аса ауыр қылмыс жасағандар үшін арнайы режимдегі Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Аталған колония Астанадан шамамен үш сағаттық жолда орналасқан.