Қоғам

Қостанай облысында пәтерден ер адамның денесі табылды

Қостанай облысында пәтерден ер адамның денесі табылды

Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлтірілген ер адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаменті.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен 56 жастағы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаменті.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Барлық жаңалық