Жаңалықтар

Қостанай облысында жоғалған малшы табылды (ВИДЕО)

Қостанай облысында жоғалған малшы табылды (ВИДЕО)

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жоғалып кеткен малшыны тауып, іздеу-құтқару операциясын сәтті аяқтады деп хабарлайды ozgeris.info сайты ТЖМ-не сілтеп.

14 наурыз күні ер адам Москалевка ауылынан ат қорауға шығып, алайда қалың тұман салдарынан далада бағытынан жаңылып, кейін онымен байланыс үзілген.

Іздеу жұмыстарына ТЖД құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Сонымен қатар арнайы техника, дрон және спутниктік байланыс құралдары пайдаланылды.

Түнгі уақытта құтқарушылар жоғалған адамның атын тауып, іздеу аумағын тарылтуға мүмкіндік алды.

16 наурыз таңертең малшы екі елді мекеннің арасында ашық далада табылды. Оның жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылар тұрғындарға далаға шықпас бұрын ауа райын ескеріп, өздерімен бірге байланыс және навигация құралдарын алып жүруді, сондай-ақ қозғалыс бағыты туралы жақындарына алдын ала хабарлауды ескертеді.

Барлық жаңалық