Қоғам

Қостанай облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қандай айып тағылғаны белгілі болды

Қостанай облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қандай айып тағылғаны белгілі болды

Қостанай облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Гүлбарам Мұсағазина лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қостанай облысының прокуратурасы бұрынғы шенеунікке қатысты Қылмыстық кодекстің 362-бабына сәйкес іс қозғалғанын хабарлады.

Бұл істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаменті тергеп жатыр, ал сот күдіктіні тергеу аяқталғанша үйқамақта ұстауға шешім шығарған.

Бұған дейін ақпарат құралдарында оның ұсталғаны туралы хабар тарап, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәліметті растаған еді.

Гүлбарам Мұсағазинаның есімі өңірдегі денсаулық сақтау саласында болған ірі жемқорлық ісімен жиі байланыстырылып жүр. Осы іс аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаев пен оның орынбасары Ерболат Доспанов және Қарасу аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубев қамауға алынған болатын.

Тергеушілердің мәліметінше, бұл қылмыстық схема мемлекеттік сатып алу кезінде жүзеге асқан. Ауруханалар мен емханаларға мүлдем қажет емес медициналық құрал-жабдықтарды өте жоғары бағамен сатып алып отырған. Прокуратура өкілдері өңірдің денсаулық сақтау саласында жымқырылған қаражат көлемі 2 млрд теңгеден асатынын мәлімдеді.

Барлық жаңалық