Танымал Режиссер Ақан Сатаев екінші әйелі Альмира Тұрсыннан қызды болды, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Бұл туралы ол өзінінің желідегі парақшасында жазды.
Алла Тағаланың қалауымен, қызым дүниеге келді. Айя-Сафия қош келдің, бақытты бол!, - деп жазды ол.
Сатаевтың екінші әйелі де сүйінші хабарын жариялап, перзентханадан суреттерін жүктеді.
"Менің арманым, менің дұғам, Жаратқанның сыйы. Аллаға сансыз шүкір", - деді Альмира Тұрсын.
Айта кетейік, режиссер 5 баланың әкесі. Бүгінде ол алтыншы рет әке атанды.