Шоу-бизнес

«Қазір жастарға бірдеңе дейтін жағдайда емеспін»: Тұрсынбек Қабатов тойда сөз таба алмай қалды

«Қазір жастарға бірдеңе дейтін жағдайда емеспін»: Тұрсынбек Қабатов тойда сөз таба алмай қалды

Әлеуметтік желілерде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың той үстінде түсірілген видеосы кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Бейнежазбада әзілкеш жастарға тілек айту үшін ортаға шыққанымен, бір сәтке тосылып қалғаны байқалады. Осы жағдайды әзілге айналдырған Тұрсынбек Қабатов:


«Қазір жастарға бірдеңе дейтін жағдайда емеспін», – деп қалжыңдаған.

 

Аталған видео желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.Айта кетейік, бұған дейін әзілкештің бұрынғы жұбайы, әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова олардың заңды түрде ажырасқанын ресми түрде растаған болатын. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында мәлімдеген.

Барлық жаңалық