Жаңалықтар

«Қазақтелеком» телефон алаяқтарына қарсы жасанды интеллектті іске қосады

«Қазақтелеком» телефон алаяқтарына қарсы жасанды интеллектті іске қосады

«Қазақтелеком» компаниясы телефон алаяқтарымен күресудің жаңа шараларын қолға алды. Азаматтарды мұндай қылмыстардан барынша қорғау мақсатында компания жасанды интеллект (ЖИ) модельдерін әзірлеп жатыр деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Мәселенің мәні «Қазақтелеком» алаяқтардың қоңырауын дәл анықтауға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жасап шығарды. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Бағдат Мусин «Самұрық-Қазына» қоры қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Жүйе қалай жұмыс істейді? Алаяқтарға тосқауыл қою үшін жасалған жаңа бағдарлама күдікті қоңырауларды бірден ұстап қалып (бұғаттап), оны Бас прокуратураның көмегімен арнайы құрылған байланыс орталығына бағыттайды. Бұл шара азаматтардың қаржысы мен жеке деректерін сақтап қалуға септігін тигізбек.

Барлық жаңалық