Хакерлер қазақстандық спортшылардың жеке ақпаратын интернетте жариялап жіберді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Олардың ЖСН-дері, байланыс ақпараты және спорттық атақтары көпшілікке қолжетімді болды. eSport.gov.kz ұлттық тізіліміне байланысты мұрағатта шамамен 286 000 спортшы мен жаттықтырушының жазбалары бар деп болжанып отыр.
Сарапшылар бұл деректерді алаяқтар "банктерден" қоңырау шалу немесе жалған несие алу үшін пайдалануы мүмкін деп ескертеді. Оқиғаның себебі әлі тергеліп жатыр. Әкімшінің аккаунты бұзылған немесе жүйенің осалдығы бар болуы мүмкін.
Туризм және спорт министрлігі оқиғаны растап, тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу басталғанын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін енді eGov.kz порталына электронды цифрлық қолтаңбамен кіру үшін азамат жеке тұлғасын қосымша растау керегі туралы жазған едік.