Жаңалықтар

Қазақстандағы референдумның алдын ала нәтижесі жарияланды

Қазақстандағы референдумның алдын ала нәтижесі жарияланды

Қазақстанда өткен республикалық референдумның алдын ала нәтижелері жарияланды. Бұл туралы ҚР Орталық референдум комиссиясы мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 482 613 адамды құраған.

Ал дауыс беруге 9 127 192 азамат қатысып, бұл жалпы сайлаушылардың 73,12 пайызына тең.

Олардың ішінде референдумға қойылған мәселені қолдап дауыс бергендердің саны 7 954 667 адам немесе 87,15 пайыз болды.

Еске салайық, 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтті. Дауыс беру үшін ел бойынша 10 402 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Сонымен қатар Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері жанында 54 елде 71 учаске ашылды.

Барлық жаңалық