Темекі бағасының қымбаттауы мен шектеу шаралары нәтижесін бере бастады. Ұлттық статистика бюросының жаңа мәліметінше, бүгінде қазақстандықтардың 17,5%-ы темекі шегеді. Былтыр бұл көрсеткіш 20,7% болған, деп жазады Ozgeris.info.
Зерттеу 15 жастан асқан 12 мың адам арасында жүргізіліп, еліміздің барлық облысы мен үш ірі қаланы (Астана, Алматы, Шымкент) қамтыған.
Темекі тұтыну деңгейі өңір мен жынысқа байланысты:
• Ауыл тұрғындарының 19,1%-ы шегеді
• Қалалықтар арасында 16,7%
• Ерлердің 34%-ы,
• Әйелдердің 5%-ы темекі тұтынады
2025 жылғы 1 шілдеден бастап ең арзан темекі 920 теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,1%-ға қымбат.
Мамандардың айтуынша, баға мен шектеулердің артуы зиянды әдеттен бас тартуға себеп болып отыр.