13 қыркүйектен бастап Қазақстанда жаңа су пайдалану тәртібі күшіне енеді. Енді әрбір азамат бір тәулікте 140 литрден артық ауыз су қолдана алмайды. Егер белгіленген нормадан асса, қосымша пайдаланылған су үшін тариф 30 пайызға қымбат болады, деп жазады Ozgeris.info.
Министрлік бұл шараның басты мақсаты – суды үнемдеу екенін айтады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұловтың сөзінше, бұрын су тарифтері әр өңірде әртүрлі есептеліп, мемлекет жергілікті жүйелерді субсидиялап келген. Бұл бюджетке артық салмақ түсірген.