Қоғам

Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді

Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді

Үкімет жәрдемақы тағайындаудың жаңа шарттарын бекітті. Енді кейбір жәрдемақылар мен жерлеуге берілетін біржолғы төлем адамның немесе отбасының әлеуметтік жағдайына қарай тағайындалады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Яғни алдымен адамның немесе отбасының қаржылық жағдайы бағаланады. Егер азаматтың әлеуметтік жағдайы жоғары («А» деңгейі) немесе ауқатты («В» деңгейі) деп танылса, оған мұқтаждық қағидаты бойынша берілетін жәрдемақы тағайындалмайды.

Әлеуметтік жағдай арнайы әдістеме бойынша бағаланады. Жаңа қаулыда жәрдемақыны тағайындау, уақытша тоқтату, қайта бастау және толық тоқтату тәртібі де белгіленген.

Барлық жаңалық