Курьерлерге, такси жүргізушілеріне және компанияның басқа да қызметкерлеріне арналған «Яндекс» компаниясының ішкі қосымшалары дата-орталыққа жасалған шабуылдан кейін жұмыс істемей қалды. Бұл туралы «Осторожно, новости» Telegram-арнасы хабарлады.
Арнаның мәліметінше, қазіргі уақытта такси жүргізушілері мен курьерлер тіркелетін «Яндекс Про» қосымшасы толығымен қолжетімсіз. Компанияның қолдау қызметінің қызметкерлері де қиындықтарға тап болған.
— Бізде арнайы бағдарлама бар еді, ол істен шықты, жұмыс сервистері де жұмыс істемей тұр. Ең қызығы, мен тіпті қате туралы есеп те жібере алмаймын, — деді қызметкерлердің бірі арнаға берген сұхбатында.
Оның айтуынша, еңбекақы орындалған жұмыс көлеміне қарай төленеді. Сондықтан сервистердің жұмысын күтіп отырған уақытта ол табысынан айырылып жатыр.