Қазақстан 2025 жылдан бастап картопты шетелге сатуға қайта рұқсат берді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биылғы маусымда шетелге 450 мың тоннаға дейін өнім экспорттау жоспарда бар, деп жазады Ozgeris.info.
Картоп егіс алқаптары осы жылы 11 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл шамамен 2,7 миллион тоннаға дейін өнім жинауға мүмкіндік береді. Ішкі сұраныс көлемі 2 миллион тонна деңгейінде сақталмақ.
Министрлік хабарлауынша, алғашқы партиялар жолға шыққан. 4 қыркүйекке дейін 8,7 мың тонна картоп Өзбекстанға жөнелтілді.
Баға да біршама тұрақталып келеді. Қазір картоптың орташа бөлшек бағасы 1 килограмм үшін 194 теңге шамасында. Ведомствоның болжамынша, 2026 жылдың көктемінде баға 185 теңгеден төмен болуы ықтимал.