Жаңалықтар

Қазақстан Париждегі Паралимпиада ойындарын рекордпен аяқтады

Қазақстан құрамасы Париждегі Паралимпиада ойындарын рекордтық 9 медальмен аяқтады. Командаға соңғы жүлдені дзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Қазақстан тарихындағы Паралимпиададағы ең сәтті өнер көрсетті. Өткен жолы қазақстандық паралимпиадашылар Токио ойындарында 5 медаль жеңіп алса, бұл жолы олар өткен нәтижеден едәуір асып түсті. Екі спортшы паралимпиадалық чемпион атанды: Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), Ақмарал Науатбек (пара дзюдо). Үш қазақстандық спортшы күміс медальға ие болды: Еркін Ғаббасов (пара оқ ату), Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу), Ерғали Шамей (пара дзюдо). Қола медальдарды: Дастан Мұқашбеков (пара жеңіл атлетика), Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Раифова (пара дзюдо), Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо) иеленді. Айта кетейік, Паралимпиада ойындарының жабылу рәсімі бүгін, 8 қыркүйек күні Парижде жергілікті уақыт бойынша 20: 30-да өтеді.
Барлық жаңалық