Қоғам

Қазақстан әйелдеріне қуанышты жаңалық: «Ұмай» ипотекасы қашан басталады

Қазақстан әйелдеріне қуанышты жаңалық: «Ұмай» ипотекасы қашан басталады

«Отбасы банк» АҚ Қазақстан бойынша әйелдерге жеке баспаналы болуға мүмкіндік беретін «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталатынын хабарлады, деп жазады Ozgeris.info сайты. 

Маңызды шарттар:

• бастапқы жарна — өңірлерде 15%-дан, Астана мен Алматы қалаларында 20%-дан басталады;

• несие мөлшерлемесі — жылдық 14,8% (ЖТСМ 16,3%-дан 16,8%-ға дейін);

• қарыздың ең жоғары сомасы — 50 млн теңгеге дейін;

• отбасының орташа айлық таза табысы 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс;

• басқа тұрғын үйдің болуы бағдарламаға қатысуға кедергі емес;

• бағдарлама Қазақстанның барлық өңірінде тіркелген жеріне қарамастан қолжетімді;

• қосалқы қарыз алушыларды тартуға болады.

Қандай тұрғын үй сатып алуға болады?

— пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үй;

— ҚТК кепілдігі немесе сақтандыру тетігі бар құрылыс кезеңіндегі тұрғын үй;

— қайталама тұрғын үй — салынған жылы 2016 жылдан ерте болмауы тиіс.

Маңызды: бастапқы тұрғын үй тек Баспана Маркет маркетплейсі арқылы сатып алынады.

Сондай-ақ бағдарлама аясында тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарына 15 млн теңгеге дейін бөлек қарыз алуға болады.

Өтінімді қалай беруге болады?

Ең ыңғайлы жолы — Отбасы банктің сайтындағы «Бейнеқызмет көрсету» сервисі немесе Баспана Маркеттегі жеке кабинет арқылы онлайн өтінім беру. Оператор кеңес беріп, сұрақтарға жауап береді және өтінімді қашықтан қабылдайды.

Қажет болған жағдайда банк бөлімшесіне де жүгінуге болады. Егер өтініш беруші некеде болса, банк бөлімшесіне жұбайымен бірге келуі қажет.

Төлем қабілеттілігін растау үшін соңғы 6 айдағы ресми табыс қажет.

Егер Отбасы банктегі депозитіңізде жинақ бар болса, бұл қажетті 50%-ды тезірек жинауға және жылдық мөлшерлемесі 5%-ға дейінгі тұрғын үй заемына ертерек өтуге мүмкіндік береді (ЖТСМ 5,1%-дан 6,9%-ға дейін).

«Ұмай» бағдарламасын Отбасы банк Азия даму банкімен бірлесіп жүзеге асырады. Жаңа қаржыландырудың 9 млрд теңге көлеміндегі алғашқы траншы банкке келіп түсті.

Өтінім қабылдау 2026 жылғы 31 тамызда басталады.

 

Барлық жаңалық