Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі қыз ұзатты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында жазды.
"Динара. Қызылорда қаласындағы салонымды ашар кезде Алладан дұға етіп сұрағанда маған жіберген шын жанашыр адамы.
Жыл сайын бала босанып жатқанымда жандарында жоқтығымды білдірмей, пысықтығымен, адалдығымен, жанашырлығымен, үлкен жауапкершілігімен жұмысты жүргізіп отырған жан.
Апрель айында тұрмыс құратынын естіп бір жағынан қуансам екінші жағынан қимастық сезімім басымырақ болды.
“Жасыңыз кіші болса да жолыңыз үлкен. Тұрмысқа шығып қатарынан бала босанғаныңыз маған да жұғысты болса. Егер әрине мүмкіндік болса келіп ұзатып берсеңіз өте қуанамын” деген шын жүрегінен шыққан бір ауыз сөзін жерге тастай алмадым.
Бұндай ұсынысты қабыл алу мен үшін де үлкен мәртебе.
Өмірімдегі ең ерекше күн", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазды. Көпшілікке жүргізушінің Дина Төреәліні "Қазақ мәдениетіне сүбелі үлес қосқан" деп таныстырғаны ұнамаған.