Президент жолдауында жүк тасымалы саласындағы рәсімдерді жеңілдету үшін цифрландыруды күшейту керектігін атап өтті. Ол шекара бекеттеріндегі интернеттің әлсіздігін және құжаттардың әлі де қағазбен рәсімделетінін сынға алды, деп жазады Ozgeris.info.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мәселелерді шешу үшін жасанды интеллект негізінде тасымалды басқарудың кешенді цифрлық платформасы енгізіледі. Жаңа смарт-карго жүйесі қазанда жұмысын бастайды.
«Бұл жұмысты тездетіп аяқтау қажет. Қазан айының соңына дейін кеден және логистика қызметін көрсететін Смарт-карго бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосқан жөн. Бұл жүйе инфрақұрылымды жеке компанияларға автоматты түрде бірдей қолжетімді етеді. Шекарадағы өткізу бекеттері жаңғыртылып жатыр. Биыл 8 бекет толығымен іске қосылады, Алдағы үш жылда тағы 34 бекет жаңарады», деді ол