🏛️ Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барып, Бұхара қаласында Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты

Бұхара әуежайында мемлекет басшысын Өзбекстан президенті күтіп алды. Салтанатты қарсы алу рәсімінде ұлттық ән шырқалып, би биленді. Екі елдің басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы тарихи және өнеркәсіп нысандарын бірге аралайды.

Президенттің жұмыс сапары Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды. Тоқаев пен Мирзиёев медресе, 2 мешіт және мұнарадан тұратын тарихи орынды аралап көрді. Зиярат кезінде Құран оқылып, қос халыққа бейбітшілік пен береке тілеп дұға жасалды. Сонымен қатар басшылар кешенге келген адамдармен сөйлесіп, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, Нақышбандия тариқатының негізін қалаған Бахауддин Нақышбандидің кесенесі 16 ғасырда салынған. Ескерткіш жанындағы музейде 19 ғасырға тиесілі Құран қолжазбасы, кітаптар мен түрлі тарихи құжат сақталған.

Барлық жаңалық