АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Қазақстанның Қарағанды облысындағы вольфрам кен орындарына қол жеткізу мүмкіндігін қарастыруда. Жоба Cove Kaz Capital компаниясына тиесілі, ал алынған минерал АҚШ Қорғаныс министрлігінің оқ-дәрі, снаряд және басқа әскери техниканы өндіруде қолданылуы мүмкін деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Alash.kz сайтына сілтеме жасап.
Жобаны қаржыландыруға АҚШ Сауда министрлігі мен бірнеше ірі инвестициялық қор атсалыспақ. Қарағанды өңірінде ұзақ мерзімді өндіріске қолайлы екі ірі кен орны қарастырылып отыр.
Дегенмен, бұл бағыттағы бәсекелестік қатты: дәл осы кен орындарына Қытай да қызығушылық танытып, мемлекеттік компаниялардың бірі нарықтық бағадан жоғары ұсыныс жасауға дайын екені хабарланды.Bloomberg сарапшыларының пікірінше, Қазақстан АҚШ пен Қытай арасындағы геоэкономикалық тартыстың жаңа «фронт» орталығына айналуда.