Алматы облысы

Қапшағай су қоймасында қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті

Алматы облысында Қапшағай су қоймасында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды ozgeris.info сайтя.

 

31 тамыз күні сағат 15:00 шамасында ТЖД-ның 112 қызметіне 9-насос станциясы маңында қайықтың аударылғаны туралы хабар түскен. Қайықта болған екі ер адамның бірі өздігінен жағаға жүзіп шықса, екіншісі шамамен 400 метр қашықтықта көзден таса болып кеткен.

 

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД құтқарушылары дереу аттанып, іздестіру жұмыстарына арнайы жүзу құралдары мен сүңгуірлер жұмылдырылды. Ауа райының қолайсыздығына және су қоймасының көлеміне қарамастан, жоғалған азаматты іздеу шаралары жалғасуда.

 

Қазіргі таңда құтқару жұмыстарына 17 маман, 3 техника, 4 қайық, дрон және “Эхолот” құрылғысы тартылған.

Барлық жаңалық