Жаңалықтар

«Қан ізі әлі жатыр»: Алматыдағы қайғылы жол апатының мән-жайы айтылды

«Қан ізі әлі жатыр»: Алматыдағы қайғылы жол апатының мән-жайы айтылды

Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан 22 жастағы қызға қатысты жаңа мәліметтер айтылды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оқиға орнынан түсірілген видеода журналист Руслан Өтепбай қайғылы жағдай болған жерді көрсетіп, марқұмның дәл сол жерде көз жұмғанын жеткізеді.

«Құрметті ағайын, Әл-Фараби даңғылында 21 жастағы қыз қаза тапқан жерге келіп тұрмыз. Марқұм — 22 жастағы Құмар», — дейді ол.

Журналисттің айтуынша, жол апаты дәл осы нүктеде болған.

«Міне, Құмар сол күні жол апаты кезінде дәл осы жерде болған. Қанның ізі әлі де көрініп тұр», — деді ол.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты сараптама нәтижесі күтілуде.

«Экспертизасы шығады деп отырмыз», — деп нақтылады журналист.

Сондай-ақ, марқұмның алған жарақаттары туралы да айтылды.

«Денесінің сау жері қалмаған, барлық жері сынған. Балтыры, қолдары сынған, аяғы ауыр жарақат алған», — деді ол.

Сұхбат барысында марқұмның тістері де зақымданғаны айтылды.

«— Тістері ше?
— Тістері де сынған», — делінген видеода.

Журналисттің сөзінше, марқұмның жағдайы өте ауыр болған.

«Өте ауыр жағдайда болған. Бір сәтте осындай жағдайға түскеніне сену қиын», — деп қорытындылады ол.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.
 

Барлық жаңалық